Ербол Қарашөкеев қандай азық-түлік тауарлары қымбаттамайтынын айтты

Дәурен Ерболат

Оның пікірінше, 2022 жылғы жаз шаруалар үшін қолайлы

фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл қазақстандықтар картоп, күнбағыс майы, көкөніс, жеміс-жидектен таршылық көрмейтінін, оның бағасы көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Биыл біз егіс көлемін ұлғайтып жатырмыз. Оны мен өз баяндамамда айттым. Егіс өнімділігі дұрыс болады деген ойдамыз. Топырақта ылғал бар, жаңбыр жауып жатыр. «Қазгидромет» болжамы бойынша маусымда ылғалдылық деңгейі қолайлы», - дейді ол.

Сондықтан министрлік халықты ауыл шаруашылығы тауарларымен толық қамтамасыз ететініне сенімді.