×

Шекарадан жанар-жағармай алып шығу әрекеті қатаң бақыланады

Елімізде ЖЖМ-ды заңсыз әкетудің қаупі жоғары

 Дәурен Ерболат 05.04.2024 | 17:59
Фото: primeminister.kz

Бүгін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жиында жанар-жағармай нарығындағы ағымдағы жағдай қаралып, отынды елімізден заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары талқыланды.

Энергетика министрлігі өкілінің баяндамасында Қазақстанда бағаның көрші елдермен диспаритетіне байланысты ЖЖМ ағындары мен «жасырын» экспортының қаупі бар екені атап өтілді. Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік кірістер комитеті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шекаралық өткелдерде жанар-жағармайды әкетуді бақылау жұмысын күшейту тапсырылды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шетелдік жүк көліктері үшін шекара маңындағы АЖС-ға сараланған бағаларды белгілеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама