×

Негізсіз қылмыстық қудалауға ұшыраған кәсіпкер ісі бойынша тергеу басталды

Кәсіпкер қателік салдарынан шығынға батып, қудаланған

 Қымбат Елтайқызы 31.05.2022 | 15:05
фото: ашық дереккөзден

Прокурорлар «кәсіпкердің құқықтарын бұзу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасы.

«Биылғы 4 сәуірде Маңғыстау облысында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жеке кәсіпкердің Ираннан әкелінген жүгін тексеріп, 20 млн теңгеге кедендік төлемдерді төлеуге міндеттеді.​ Оған экономикалық тергеу департаментінің экономикалық контрабанда орын алуы мүмкіндігі туралы хабарламасы негіз болды», – дейді ведомство.

Заңда осындай негіздер бойынша тексеру көзделмегенін, тексерудің өзі негізгі кедендік декларация берілгенге дейін жүргізілгенін, қашықтан бағалау және кедендік мәліметтерді ерікті түрде түзету мүмкіндігін беру үшін арнайы енгізілген тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылмағанын көрсетті. Осылайша, аталған хабарлама жалған болып шықты.

Нәтижесінде, 2012 жылдан бастап салықты заңға сәйкес төлеп келген кәсіпкер кедендік баждарды, кедендік алымдарды төлеуден жалтару фактісі бойынша негізсіз қылмыстық қудалауға ұшырады. УСҚ-да жүкті сақтаумен және теміржол вагонының тұрып қалуымен байланысты шығындарды төлеуге мәжбүр болды, – делінген ақпаратта.

Биылғы 25 мамырда көлік прокуратурасы оның іс-әрекетінде қылмыс белгілерінің жоқтығын ескеріп, қылмыстық істі тоқтатты. Кәсіпкер құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 365-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталдыТергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді.​ ​ ​ ​

Серіктес жаңалықтары

Сараптама