Ол шекарадан қомақты ақшамен өтпек болған
Ташкентке бағытталған ұшақ жолаушысы 9 млн теңгені алып өтпек болған, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер департаменті.
«2022 жылғы 24 мамырда елорда әуежайында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік кірістер департаменті, «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері, ҰҚК шеқара қызметі, Әуежай бақылау қызметінің қызметкерлері бірлесіп, «Нұр-Сұлтан-Ташкент» бағыты бойынша PН 722 халықаралық авиарейсімен ұшатын жолаушыларға кедендік бақылау жүргізіп, аталған заң бұзушылықтың жолын кесті. Д. есімді азаматтың қолжүгін рентген арқылы қарағаннан кейін жолаушы жүк бөліміне шақыртылған. Тексеру барысында 21 650 доллар (9 млн теңге) анықталды. Аталған дерек бойынша әкімшіліктік материал толтырылды», – дейді департамент.
«Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығымен елімізден:
Шетел азаматы Қазақстаннан мыңдаған доллар әкетпек болған. Екі айда еліміздің шекарасынан 671 мың доллар заңсыз өткізілмек болды.