«9-20-25»: Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосыла ма?

Дәурен Ерболат

Ақпарат әлеуметтік желіде тарады

Фото: Halyq Uni/Дәурен Ерболат

Елімізде жаңа «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады деген мәліметке «Бәйтерек» холдингі мен Отбасы банкі түсінік берді,  деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше Instagram-дағы dauletten парақшасында жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосатыны хабарланды.

«Бәйтерек» холдингі Отбасы банк жақында «9-20-25» бағдарламасын іске қосады, - деп жазылған хабарламада.

Алайда жаңа бағдарламаға «жауапты» мекемелер бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Бәйтерек» бұл ақпаратты растамайды, - деп жауабын қысқа қайырды холдингтің баспасөз қызметі.

Отбасы банкі мәліметті растамайды әрі банкте мұндай бағдарлама жоқ екенін хабарлайды, - деді Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін «7-20-25» бағдарламасы төңірегіндегі туындаған жемқорлық дауына Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жауап берген еді.