Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрі жауап берді
Еліміз 2020 жылдан бері пандемиямен күреске 894 млрд теңге жұмсады. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бүгін ОКҚ-де өткен брифингте журналистер денсаулық сақтау министрінен пандемия басталғаннан бері COVID-19-бен күреске қанша қаражат жұмсалғанын сұрады. Ажар Ғинияттың айтуынша, 2020 жылы індетпен күреске бюджеттен 252 млрд теңге бөлінді. Оның 28 млрд теңгесіне дәрі-дәрмек пен медициналық техника сатып алынды.
197 млрд теңге дәрігерлерге қосымша ақыға жұмсалды. Негізінен СЭҚ қызметкерлерінің іссапар шығыстары, бұдан басқа 2020 жылы халыққа медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлердің еңбегіне ақша төлеуге 20 млрд теңге, оның ішінде Дүниежүзілік банкінен өкпені жасанды желдету аппараттарына 5 миллиард теңге бөлінді, - деді Ғиният.
Бұған қоса оның айтуынша, 2021 жылы пандемияға 556 млрд теңге жұмсалды.
«2021 жылы коронавирустың үш толқыны болды. Жыл бойы осы вируспен күрестік. 97 млрд теңге вакциналар, шприцтер және коронавирус диагнозының диагностикасына жұмсалды. 413 млрд теңге дәрігерлерге қосымша ақы төлеуге әрі іссапар шығыстарына, ал 40 млрд теңге ауруханаларда емделуге арналған қордан бөлінді», - деп толықтырды министр.
Сондай-ақ ведомство басшысы биыл Қазақстанда COVID-19-бен күреске қанша қаржы бөлініп жатқанын айтты. Оның сөзінше, 2022 жылы пандемияға 86 млрд теңге бөлініп жатыр.
Veracel мен QazVaq вакциналарын сатып алуға 9 млрд теңге жұмсалды. Өткен жылы 20 миллиард теңге Pfizer вакцинасы үшін төленді. Біз бұл жайлы мәжілісте айтқан едік. Елімізде пандемиямен күреске барлығы 894 млрд теңге бөлінді, - деп қорытындылады Ажар Ғиният.
Бұған дейін Қазақстанда 500 мың Pfizer-дің жарамдылық мерзімі маусымда аяқталатыны белгілі болды. Ажар Ғиният референдум кезінде маска тағу жайлы айтты.