×

Қазанда Ұлттық қордан 1,6 млрд доллар алынады

Қыркүйекте Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізбеген

 Дәурен Ерболат 02.10.2023 | 14:10
Фото: Halyq Uni

Биыл қазанда Ұлттық қордан 1,6 млрд доллар алынады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Бұл ретте Ұлттық қордан сатудың нақты көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферт бөлуге арналған өтініміне байланысты болады.

Ұлттық банктің алдын ала жоспарына сүйенсек, қазанда қажет трансферт сомасы бойынша Қаржы министрлігінің қолда бар болжамына сәйкес, Ұлттық қордан 1,5-1,6 млрд долларға дейін валюта сатуды көздейді.

Қазанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу – 100-150 млн доллар, ҚДКҚ активтерінің валюталық үлесін арттыру үшін валюта сатып алу – 50-70 млн доллар болады деп жоспарланып отыр.

Ұлттық банк ашықтық қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді.

Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтуіне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.

Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын валюта резервінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама