×

Жол сапасын арттыру үшін мыңға жуық нормативтік құжатқа талдау жасалды

Бүгінде жол құрылысының сапасына теріс әсер етіп отырған құжаттар бар

 Дәурен Ерболат 22.09.2023 | 14:51
Фото: asfalt-kachestvo.ru

Қазжол ҒЗИ ғалымдары жол саласына қатысты мыңға жуық нормативтік құжатқа талдау жасады, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Олар 400-ден аса ГОСТ, 200-ге жуық ҚР СТ, 277 ведомстволық құжатты қайта қараған.

Президент Қазақстан халқына Жолдауында сапасыз жолдар мәселесін 2029 жылға дейін шешуді тапсырған болатын. Осыған байланысты жол саласының қызметін реттейтін нормативтік базаны ретке келтіру маңызды.

Бүгінде салада ескірген және бір-біріне қайшы келетін 1200-ге жуық нормативтік құжат іріктелген. Бұл жолдарды жөндеу жұмыстары мен олардың құрылыс сапасына теріс әсер етіп отыр.

2022 жылдың соңында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты (Қазжол ҒЗИ) нормативтік құжаттарды жүйелеуді қолға алған.

Қазір тәуелсіз жол мамандарының қатысуымен техникалық кеңестің бірқатар отырысы өтті. Нәтижесінде 400-ден аса ГОСТ, 200-ге жуық стандарт пен 277 ведомстволық құжат қайта қаралды.

Қазжол ҒЗИ мамандары 2026 жылдың соңына дейін жол саласындағы барлық нормативтік құжатты өңдеуді аяқтаймыз деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама