×

Қазақстан жарты жылға қантты экспортауға тыйым салды

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы 23 мамырдан бастап күшіне енеді

 Ербол Тұрымбет 13.05.2022 | 11:40
Алматы облысындағы қант зауыты

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан қант пен шикі қантты сыртқа шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салатын бұйрық жариялады.

Ауыл шаруашылығы министрінің «Қант пен құрақ шикі қантты сыртқа шығарудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 бұйрығы жарияланды.

Қазақстан аумағынан қант пен шикі қантты алып шығуға 6 ай мерзімге тыйым салуды бұйырамын, - деп жазылған құжат мәтінінде.

Сондай-ақ бұл құжат аталған шешім туралы мәліметті Еуразия экономикалық комиссиясына хабарлау Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті екенін айқындайды. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді. Демек, Қазақстанда 23 мамырдан бастап қант экспортына тыйым салынады деген сөз.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының шаруалары Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің алдында мәселе көтеріп, шаруаларды ынталандыратын субсидия көлемі де, зауыттың төлейтін ақысы да алажаздай төккен маңдай терін ақтамайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18

Абай облысында монополист жылу энергиясының бағасын негізсіз қымбаттатқан

Өңірде 900-ден аса тұрғынның құқығы қорғалды
10.06.2023 | 12:50