×

Тамызда киім-кешек пен тұрмыстық техника, көлік айтарлықтай қымбаттады – Ұлттық банк

Жылдық инфляция 13,1% болды

 Дәурен Ерболат 13.09.2023 | 09:46
Фото: azh.kz

Биыл 8 айда инфляция көрсеткіші баяулағанмен киім-кешек пен тұрмыстық техника, көліктің бағасы айтарлықтай өсті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2023 жылғы тамызда Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі 49,9 болып, нейтралды деңгейде қалыптасқан. Ағымдағы және келешектегі бизнес-жағдайлар оң бағаланып отыр.

6 ай ішінде жылдық инфляция төмендеп жатыр. Оның ағымдағы деңгейі 13,1% болды. Жылдық инфляциядағы азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын компоненттің үлесі азайып, ақылы қызметтер инфляциясының үлесі ұлғайып жатыр. Жылдық инфляцияның төмендеуіне қарамастан айлық инфляция шілдедегі 0,6%-дан 0,7%-ға дейін жеделдеді. Айлық инфляцияның көшу қарқыны орташа мінберден жоғары қалыптасты, - деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.

Азық-түлік инфляциясы тамақ өнімдерін өндірушілердің және ауыл шаруашылығындағы бағаны төмендетуге байланысты 12,4%-ға дейін баяулаған. Жеміс, көкөніс өнімдері маусымдық кезеңге байланысты арзандап жатыр. Бірақ мұның қарқыны өткен жылмен салыстырғанда төмен.

«Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 13,5% болып, көрсеткіш баяулап жатыр. Алдыңғы айларда теңгенің нығаюына байланысты жеке пайдалануға арналған тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек бағаларының өсуі баяулап жатыр.

Сәуірден бастап жанар-жағармайдың шекті бөлшек саудадағы бағасының өсуіне байланысты оның азық-түлікке жатпайтын инфляциядағы үлесі ұлғайып жатыр. Тамызда киім-кешек пен аяқкиім, тұрмыстық техника, автомобильдер, газ бағасының айтарлықтай өсуі тіркелді, - деді төраға.

Тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты ақылы қызметтер инфляциясы жеделдей түскен.

«Тарифтер тамызда 6,1%, жылдық көрсеткіште 13,9% өсті. Сонымен қатар халықтың тұрақты сұранысына байланысты реттелмейтін қызметтердің бағасы өсімін сақтап қалып отыр. Оның ішінде қалалық көлікпен жол, ұялы байланыс қызметтері мен жалдау ақысы бар», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама