Себебі Қазақстанда шикізат жетіспейді
Металл қалдықтарын елімізден шығару шектелмек, деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Ведомство мәліметінше, қазір ТМД, ЕАЭО және ЕО-ның бірқатар елінде қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын елден шығаруды уақытша квоталау немесе тұрақты негізде толықтай тыйым салу шарасы қолданылады.
ИИДМ индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстаннан шығаруға уақытша шектеу енгізудің себептерін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдаудың негізгі себебі – отандық қайталама шикізаттың жетіспеушілігі және өндіріс үшін шикізат ретінде металл сынықтарын пайдаланатын өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қосымша жүктеу қажеттілігі. Сондай-ақ спикер Қазақстан қайталама шикізатты шығаруға шектеу қоятын жалғыз мемлекет емес екенін атап өтті. Бұл шара Қырғызстан, Ресей, Армения, Өзбекстан және Беларусьте қолданылады. Министрлік қабылдаған бұл шешім барлық ұлттық және халықаралық нормативке сәйкес келеді.
Ресейде квоталар енгізіліп, сынықтарды елден шығаруға толық тыйым салу мәселесі пысықталып жатыр. Ал Өзбекстан мен Беларусь мемлекеттік монополия орнатты. Яғни, аталған елдерде уәкілетті мемлекеттік компаниялар ғана қайта шикізатты жинауға және өңдеуге құқылы. Бұл ретте олардың жалғыз міндеті – ішкі өңдеушілерді шикізатпен қамтамасыз ету, – деді Жолмағамбетов.
Еуропада да ұқсас процестер жүріп жатыр. Атап айтсақ, металл сынықтарына деген сұранысқа байланысты тауарды ЭЫДҰ-ға кірмейтін елдерге экспорттауға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұдан басқа қайталама шикізатқа сұранысқа экономиканы декарбонизациялау саясаты да әсер етеді. Яғни, дамыған елдерде көміртегі салығын енгізуге байланысты өндірісте металл сынықтарын пайдалану табиғи шикізат пен атмосфераға қалдықтардың ең аз шығынына байланысты артықшылыққа ие болды. Сонымен, бір тонна болат өндірісінде сынықтарды пайдалану СО2 қалдықтарын 1,5 тоннаға азайтуға, 1,4 тонна темір рудасын, 740 кг көмір мен 120 кг әктас тұтынуды болдырмауға мүмкіндік береді.
«Мыңдаған адам жұмыссыз қалады». Тараздық темір сатушылар Тоқаевқа үндеу жасады. Металл қалдықтарын елден әкетуге тыйым салынды. Мұхтар Жәкішев: «Мыс емес, қымбат мыс кабельдерін шығару керек».