×

Қазақстанда ұн тағы қымбаттады

Жуырда бірқатар өңірде ұн бағасы шарықтаған еді

 Қымбат Елтайқызы 12.05.2022 | 15:40
фото: ашық дереккөзден

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар – 0,2%-ға, ай басынан бері – 0,4%-ға, жыл басынан бері 15,3%-ға өсті. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Бір апта ішінде бірінші сұрыптағы бидай ұны, сәбіз, пияз, картоп пен қант бағасы көтерілді:

  • бидай ұны, І сорт - 2,3%-ға;
  • сәбіз - 2%;
  • пияз - 1,9%;
  • картоп - 1,4%;
  • қант - 1,1%;

Арзандаған тауарлар:

  • қырыққабат - 12,9%-ға;
  • жұмыртқа, І санат - 0,7%;
  • айран 2,5% - 0,3%.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесіне 19 түрлі тауар кіреді.

Бұған дейін қай өңірлерде ұн бағасы шарықтағаны белгілі болды. Смайылов әлемде қандай азық-түліктің қымбаттап жатқанын айтты. Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды. Азық-түлік бағасына қатысты тиімсіз жұмыс істеген әкім орынбасарлары жазаланады. Елімізде азық-түлік қаншаға қымбаттағаны айтылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өскен 11 өңір анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама