Қазақстанда ұн тағы қымбаттады
Жуырда бірқатар өңірде ұн бағасы шарықтаған еді
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар – 0,2%-ға, ай басынан бері – 0,4%-ға, жыл басынан бері 15,3%-ға өсті. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Бір апта ішінде бірінші сұрыптағы бидай ұны, сәбіз, пияз, картоп пен қант бағасы көтерілді:
- бидай ұны, І сорт - 2,3%-ға;
- сәбіз - 2%;
- пияз - 1,9%;
- картоп - 1,4%;
- қант - 1,1%;
Арзандаған тауарлар:
- қырыққабат - 12,9%-ға;
- жұмыртқа, І санат - 0,7%;
- айран 2,5% - 0,3%.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесіне 19 түрлі тауар кіреді.
Бұған дейін қай өңірлерде ұн бағасы шарықтағаны белгілі болды. Смайылов әлемде қандай азық-түліктің қымбаттап жатқанын айтты. Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды. Азық-түлік бағасына қатысты тиімсіз жұмыс істеген әкім орынбасарлары жазаланады. Елімізде азық-түлік қаншаға қымбаттағаны айтылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өскен 11 өңір анықталды.