×

МАЭК-тегі апат: Қазақстанда мұнай өндірісі азаяды

Маңғыстауда апат болып, ірі кәсіпорындарға электр энергиясына шектеу қойылған

 Дәурен Ерболат 15.08.2023 | 14:12
фото: ria.ru

Жыл соңына дейін Қазақстанда мұнай өндірісінің көлемі азаюы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Мұнай өндірудің жоспарлы көлемін қысқарттық. Негізі 90,5 млн тонна мұнай өндіруіміз керек болған. Мұндағы мәселе тек МАЭК-тегі апатқа байланысты емес. Кен орындарында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүрді. Сондай-ақ қосымша жөндей жұмыстарының көлеміне байланысты да мәселелер туындады. Қазір (электр энергиясы – авт.) күніне 12 мың тоннаға дейін шектеу қойылды. Осыған байланысты біз жоспардан ауытқып отырмыз», - деді министр.

Энергетика министрінің айтуынша, бұл шектеулер тиісінше мұнай өндірісін азайтқан.

Алмасадам Сәтқалиев жыл соңына дейін мұнай өндірісі 1,5-2 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін екенін айтты.

Жыл қорытындысы бойынша мұнай өндіру шамамен 89,4 млн тонна болады деп жоспарлап отырмыз. Бірақ динамиканы көрейік. Өйткені кен орындарында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деді басшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама