×

Қазақстаннан шығарылған заңсыз активтерді қайтаруға АҚШ қол ұшын созбақ

Онда мыңдаған азаматтың швейцариялық банктердегі есепшоттарын аштыртып, миллиардтаған доллар салықты қайта төлеткен тәжірибе бар

 Еркеғали Болатұлы 17.07.2023 | 13:42
фото: Halyq Uni

Қазақстаннан шығарылған заңсыз активтерді қайтаруға АҚШ тарапы көмектесуге дайын. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровтың айтуынша, Ақ үй мен Конгресс өкілдері еліміздің сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы қадамдарын құптап отыр.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, Вашингтонда қазақстандық делегация екі елдің байланыстын арттыру бойынша бірқатар кездесу өткізген. Соның ішінде заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару туралы Қазақстанның атқарып жатқан жұмыстарын АҚШ тарапы оң бағалған. Сондықтан заңсыз шыққан активтерді іздеуге және қайтаруға қолдау көрсетеді әрі тәжірибесімен бөлісуге әзір.

Америкада бұл мәселе өте өзекті. Олар мұндай заңсыз әрекетпен әлем бойынша күресіп жатыр. Сондықтан Қазақстанның бұл бағыттағы қадамын құптап отыр. Бізге заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың заңды тетіктерін ретке келтіру керек болды. Америка тарапы бұл мәселеде бізбен тығыз жұмыс істеуге дайын. Әрі біздің өтінішіміз бойынша қол ұшын созады, - деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров.

АҚШ-тың заңсыз әрекеттерді әшкерлеп, салықтан жалтарумен күресте тәжірибесі мол. Тіпті қайбір жылдары мыңдаған азаматының швейцариялық банктердегі есепшоттарын аштыртып, миллиардтаған доллар салықты қайта төлеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама