×

Қарабаев Қытай зауыттарын аралады

Онда қосылған құны жоғары өнім шығарылады

 Дәурен Ерболат 09.07.2023 | 14:02
Фото: ИИДМ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қытайға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы SANY Renewable Energy Co Ltd компаниясының «Нанькоу» өнеркәсіптік аймағына барды. Мұнда жел турбиналарына арналған құрылғыларды шығаратын зауыт орналасқан.

Аталған компания жел турбиналарын өндіру бойынша әлемде көшбасшы болып саналады. Сондай-ақ ол арнайы техника, кран, бұрғылау техникасы және басқа да ауыр техника шығарады.

SANY Renewable Energy Co Ltd президенті және оның тең құрылтайшысы Джоу Фугуй министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысын таныстырып, зауыттағы өндіріс процесін айтып берді.

Айта кетейік, биыл мамырда президент Сиань қаласына сапары барысында SANY Renewable Energy Co Ltd компаниясы, сондай-ақ Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, China Power International Holding Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы туралы төртжақты меморандумға қол қойған еді.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық орнатып, серіктестікті одан әрі нығайтуға келіскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама