Қандай тағам бағасы өскені де айтылды
Ұлттық статистика бюросы 2022 жылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі мен орташа бағаларын жариялады.
19 атауды қамтитын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (жылдық мәнде) 20,7%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 10,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы – 0,6%-ға, ай басынан бері – 3,1%-ға, жыл басынан бері – 14,8%-ға өсті.
Бір аптаның ішінде ең көп қымбаттау:
Сәбіз – 2,8 %; пияз – 2,6%; картоп – 2,2 %.
Арзандағаны:
Орамжапырақ – 1%.
Үкімет сүт-тауар фермаларын салуға көп қаражат бөлді: СҚО-да сүн өнімдері неге қымбат. Қай өңірлерде ұн бағасы шарықтағаны белгілі болды. Наурызда елімізде өсімдік майы қымбаттаған. Ақмола облысында қант бағасын шарықтатқандар анықталды. Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды. Азық-түлік бағасына қатысты тиімсіз жұмыс істеген әкім орынбасарлары жазаланады. «Халық наразылығын тудырады». Премьер азық-түлік бағасының өсуіне жол берген өңірлерді сынға алды.