Halyq Uni логотип
×

Батыстағы апат: Қазақстан Ресейден бензин импорттауға ниетті

Кеше батыста жарық өшіп, АМӨЗ жұмысын тоқтатқан болатын

 Дәурен Ерболат 04.07.2023 | 12:45
Батыстағы апат: Қазақстан Ресейден бензин импорттауға ниетті
Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда жанармай тапшылығы туындаса, оны Ресей Федерациясынан импорттаймыз. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда АИ-92 бензинінің 23 күнге жететін қоры бар. АИ-95 маркалы бензиннің қоры – 15 күн, дизель отыны – 29 күн.

Алмасадам Сәтқалиев бензин тапшылығы туындаса, ол қымбаттаса, алып-сату әрекеттері жиілейтінін еске салып, бұл бағытта тиісті шешім қабылданатынын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанға көрші елден 40 мың тонна АИ-95 бензинін жеткізу керектігін атап өтті.

АИ-95 маркалы бензиннен басқа, қандай да бір жанармай бағасының күрт өсуін болдырмаймыз деп ойлаймын. Өйткені оны Ресейден импорттауға тура келеді. Қазір АИ-95 маркалы бензинінің қоры 15 тәулікке жетеді. Павлодар мұнай зауытындағы жөндеу жұмыстарына, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апатқа байланысты, Шымкент зауытының АИ-95 маркалы бензинінің өндіріс көлемін азайтуына байланысты нарықты Ресейден алдыртатын импорт арқылы ғана толық жабамыз. Ресеймен тиісті келіссөз жүргізіп жатырмыз. Шамамен 40 мың тоннадай АИ-95 маркалы бензинін импорттау қажет бізге. Келіссөз жүріп жатыр. Қазір оны «Газпром нефть» жеткізе бастады, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министр Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдай елде жанармай тапшылығын тудырмайтынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама