Halyq Uni логотип
×

«Мыңдаған адам жол азабын тартып отыр». Президент тапсырмасынан кейін БҚО жолдары жөнделмек

Премьер Батыс Қазақстандағы күре жолдарды жөндеу қарқынын жеделдетуді тапсырды

 Қымбат Елтайқызы 22.04.2022 | 15:00
«Мыңдаған адам жол азабын тартып отыр». Президент тапсырмасынан кейін БҚО жолдары жөнделмек
фото: Halyq Uni

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында жүр. Үкімет басшысы өңірдегі бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке әрі БҚО әкімдігіне өңірдегі жолдарды жөндеу бойынша барлық қажетті шараны дереу қабылдауды тапсырды.

Осыған байланысты премьер-министр бірінші кезекте 94 мың тұрғыны бар 50 елді мекенді байланыстыратын «Подстепное – Федоровка – Ресей шекарасы» автожолы учаскесіне барды. Жол Қарашығанақ кен орнына дейін жетеді және Ресейге транзиттік дәліз болып отыр. Қазір күре жолдың жағдайы өте нашар. Әрі-бері өткен Қазақстан мен басқа да елдердің ондаған мың азаматы жол азабын тартып отыр.

Күре жолдардың жағдайы – Батыс Қазақстандағы ең күрделі мәселелердің бірі. Биыл біз бұл жұмыстардың ауқымды бөлігін аяқтауымыз керек. Осыдан үш жыл бұрын басталған бұл жобалар қаржының жетіспеушілігінен бітпей қалды. Биыл жолдарды жөндеуге 15 млрд теңге көзделген. Егер жұмыс қарқынын тездетуге техникалық жағдай мүмкіндік берсе, қосымша қаражат бөлуге болады. Бюджетті нақтылау кезінде біз «Подстепное – Федоровка – Ресей шекарасы» автомобиль жолына арнайы 6 млрд теңге қарастырдық. Жолдарды жөндеу жұмыстарын 2022-2023 жылдары аяқтау қажет, – деді Смайылов.

Үкімет басшысы облыс әкімдігіне индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауда ұстап, ақшаның тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ойқы-шойқы жолдар: Депутат Солтүстік Қазақстанның проблемасын көтерді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама