×

Ойқы-шойқы жолдар: Депутат Солтүстік Қазақстанның проблемасын көтерді

Ол өңірдегі бұзылған жолдарға үкімет назарын аударды

 Қымбат Елтайқызы 14.04.2022 | 15:30
фото: ашық дереккөзден

Ерік Сұлтанов өзінің депутаттық сауалында автомобиль жолдарының жағдайы нашар екеніне тоқталды. Сенатордың айтуынша, мәселенің мәні мен маңызына, сондай-ақ кейбір жобаның «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілгеніне қарамастан бүгінге дейін мәселе шешілмей отыр.

Сұлтанов мысал ретінде Ресей шекарасынан Петропавл қаласына дейінгі М-51 жолын жаңғырту барысы туралы айтып берді. Депутат сонымен қатар «Жезқазған – Петропавл», «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Омбы» автожолдарының жай-күйіне қатысты мәселелерді де қозғады, – дейді сенат.

Ерік Сұлтанов осыған байланысты өңірдің және жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативтік әсер ететін Солтүстік Қазақстан облысының автомобиль жолдарын жақсарту бойынша жедел шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20