Halyq Uni логотип
×

67 мың доллар тәркіленді. Жалған ақша жасаушылар ұсталды

Алаяқтық фактілер бірнеше өңірде анықталды

 Қымбат Елтайқызы 21.04.2022 | 11:00
67 мың доллар тәркіленді. Жалған ақша жасаушылар ұсталды
коллаж: Halyq Uni

Биылғы бірінші тоқсанда қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменттері жалған ақша жасаудың 12 фактісін анықтады. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда 7 жағдай, Батыс Қазақстанда – 2, Маңғыстау облысында 2 жағдайдан, ал Түркістан облысы мен Шымкентте тағы бір фактіден тіркелді.

Қабылданған шаралар жалған банкноттардың сатылуына жол бермеді. Олардың жалпы саны 67 мың доллар құрайтын 1200 данадан асады, – дейді ҚМА.

Осылайша, Нұр-Сұлтанда жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 доллар, номиналы 50 долларды құрайтын 1114 жалған банкнот тәркіленді. Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді. 

«Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және валютаны ауыстыру кезінде қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, тек екінші деңгейлі банктерге немесе ресми айырбастау пунктеріне жүгінуге шақырады», – делінген ақпаратта.

Түркістан облысының тұрғыны жалған доллар сатумен айналысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама