×

Түркістан облысының тұрғыны жалған доллар сатумен айналысқан

Ол 10 мың долларға жуық жалған ақшаны сату кезінде ұсталды

 Қымбат Елтайқызы 12.04.2022 | 15:59
коллаж: Halyq Uni

Түркістан облысының тұрғыны жалған долларлар сатумен айналысқан. Ол 100 долларлық банкноттармен 9300 доллар сомасындағы жалған ақшаны сату кезінде әшкереленді.

Құрықталған азамат қылмыстық кодекстің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді қаржылық мониторинг агенттігі.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Агенттік жалған банкноттар туралы +7 7172 708 478 сенім телефонына хабарласуға болатынын еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама