Каспий құбыр консорциумындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны айтылды

Халық үні

Бүгін президент ҚазМұнайГаз басшысы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

 

фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның қазіргі жұмыстары мен қаржылық жағдайы және алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы есеп берілді.

Кездесу барысында Каспий құбыр желісі консорциумына қатысты ахуалға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысына айлақтың жылжымалы құрылғылар жүйесін жөндеу жұмыстарының жуырда аяқталатыны жөнінде баяндалды. Бұл Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы тасымалдаудың бұрынғы көлемін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, – дейді Ақорда.

Сонымен қатар Тоқаевқа Атырау облысындағы полипропилен шығаратын кешен құрылысының барысы туралы мәлімет берілді. Мырзағалиевтің айтуынша, аталған зауыт құрылысын жуық арада аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мұнай-газ химиясының өнімі бойынша Қазақстанның нетто-экспортерге айналуына мүмкіндік береді.

«Президент еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытудың аса маңызды екенін айтты», – делінген ақпаратта.

КҚК апаты: Белгілі сарапшы еліміздің мұнай экспортына төнген қауіпті атады. «КТК-дағы» апат шығыны 150 миллиардқа жетуі мүмкін – министр. «КТК-дағы» апат салдары: ҚазТрансОйл мұнай экспортын ұлғайтпақ.