«КТК-дағы» апат салдары: ҚазТрансОйл мұнай экспортын ұлғайтпақ

Қымбат Елтайқызы

Бұған дейін Каспий құбыры концорциумындағы апат шығыны 150 млрд теңгеге жетуі мүмкін деген болжам айтылды

фото: Halyq Uni

«ҚазТрансОйл» АҚ сәуірде магистралдық мұнай құбырлары арқылы қазақстандық мұнай экспортын ұлғайтпақ.

«КҚК-Қ» АҚ жүйесінен мұнай жеткізуді қайта бөлуге байланысты сәуірде Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан мұнайды ҚазТрансОйл магистральдық мұнай құбырлары арқылы экспорттау ұлғайтылмақ, – дейді «ҚазТрансОйл» АҚ.

Мәселен, энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сай, сәуірде 154,7 мың тонна Қарашығанақ мұнайын, 60 мың тонна Қашаған мұнайын «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі арқылы экспорттау жоспарланып отыр. Қашаған мұнайын «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы Қытайға экспорттаудың болжамды көлемі 40 мың тоннаны құрайды.

«КТК-дағы» апат шығыны 150 миллиард теңгеге жетуі мүмкін – министр. «КҚК» апаты: Белгілі сарапшы еліміздің мұнай экспортына төнген қауіпті атады.