«КТК-дағы» апат салдары: ҚазТрансОйл мұнай экспортын ұлғайтпақ
Бұған дейін Каспий құбыры концорциумындағы апат шығыны 150 млрд теңгеге жетуі мүмкін деген болжам айтылды
«ҚазТрансОйл» АҚ сәуірде магистралдық мұнай құбырлары арқылы қазақстандық мұнай экспортын ұлғайтпақ.
«КҚК-Қ» АҚ жүйесінен мұнай жеткізуді қайта бөлуге байланысты сәуірде Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан мұнайды ҚазТрансОйл магистральдық мұнай құбырлары арқылы экспорттау ұлғайтылмақ, – дейді «ҚазТрансОйл» АҚ.
Мәселен, энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сай, сәуірде 154,7 мың тонна Қарашығанақ мұнайын, 60 мың тонна Қашаған мұнайын «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі арқылы экспорттау жоспарланып отыр. Қашаған мұнайын «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы Қытайға экспорттаудың болжамды көлемі 40 мың тоннаны құрайды.
«КТК-дағы» апат шығыны 150 миллиард теңгеге жетуі мүмкін – министр. «КҚК» апаты: Белгілі сарапшы еліміздің мұнай экспортына төнген қауіпті атады.