Салдарынан пара беру қаупі туындайды
Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда кәсіпкерлер бизнес жүргізуге керек құжаттарды уақытында ала алмайтынын, салдарынан жемқорлық қаупі туындап жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Бизнес үлкен қиындықтарға тап болып отыр... Жер мәселесі, жобалау-сметалық құжаттаманы алу, сараптама және осының барлығын (алуға қатысты мәселе бар – автор). Мұның бәрі жылдар бойы жасалады. Біз бизнеске көмектесіп, бүгін шешім қабылдауымыз керек...
Бизнес 1-2 айда барлық құжатты қалай жинай алады? Мүмкін емес. Астананың немесе Алматының шетінде дүңгіршек салыңыз. Құжаттар керек. Оны түсіну үшін институтты бітіріп, жоғары білім алу қажет. Егер біз сараптамалар мен қорытындының бәрін тез берсек, онда бизнес те дамиды, - деді Берік Асылов Бас прокуратурада өткен форумда.
Сондай-ақ ол бизнесте жемқорлық неден басталатынын айтты.
Әкімдерден сұраймын: сіздер мұның бәрін жасап отырсыздар. Уәкілетті органдар отыр. Егер қатты айтсам, пәтер бермесең, құқық белгілейтін құжаттар ешқашан берілмейді. Осыдан кейін сыбайлас жемқорлық басталады, - деді бас прокурор.
Бұған дейін ол бизнестің дамуына кімдер кедергі жасап отырғанын айтқан еді.