«КТК-дағы» апат шығыны 150 миллиардқа жетуі мүмкін – министр
Бұған дейін Каспий құбыры концорциумындағы апаттан үлкен шығын болмайтыны айтылған еді
Бүгін үкімет отырысынан соң қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев КҚК-дағы апат шығыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазіргі жағдайда нақты шығын көлемін ешкім есептеп бере алмайды. Өйткені бұл оны қанша уақытта жөндеп бітетініне, санкциялардың тағы күшеюіне байланысты болып тұр. Ал шығын көлемі 100-150 млрд теңге айналасында, – деді Жамаубаев.
Оның сөзінше, егер апат салдарын тез жөндеп бітсе, шығын да азаяды.
Айта кетейік, Қара теңіздегі дауыл салдарынан Каспий құбыры концорциумының бір айлағы бұзылған еді. Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов КҚК-дағы апаттан үлкен шығын болмайтынын мәлімдеп келген-ді.
«КТК» апаты: Белгілі сарапшы еліміздің мұнай экспортына төнген қауіпті айтып берді.