Halyq Uni логотип
×

Шетелге жылыстатылған 2 млрд долларға қатысты тергеу жүріп жатыр – Жамаубаев

Кеше президентке шетелге заңсыз шығарылған капиталға қатысты 7 іс тергеліп жатқаны айтылған еді

 Ербол Тұрымбет 19.04.2022 | 11:40
Шетелге жылыстатылған 2 млрд долларға қатысты тергеу жүріп жатыр – Жамаубаев
коллаж: Halyq Uni

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелге жылыстатылған қаражатқа қатысты қылмыстық істер туралы айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Қаржы министрлігі ұлттық банкпен бірлесіп, барлық ақпаратты сараптап жатыр. Қаржылық бақылау агенттігіне 8 жағдайды бердік. Ондағы шығын – шамамен 1 млрд доллар. Олар бүгінге дейін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуі, қажет болса, қылмыстық іс қозғауы тиіс болған, – дейді министр. 

Оның сөзінше, одан бөлек бас прокуратура да бүгінде 20 қылмыстық істі тергеп жатыр. Ондағы шығын көлемі де миллиард доллар шамасында.

Елімізден 100 млрд доллар капитал заңсыз шығарылған. Шетелге жылыстатылған капиталға қатысты 7 іс тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама