×

Жарты млн қазақстандықтың 56 мың теңгенің тауарын сатып алуға мүмкіндігі жоқ

Тұрғындар мәселесін несиемен шешуге мәжбүр

 Дәурен Ерболат 22.05.2023 | 14:07
Фото: Halyq Uni

500 мың қазақстандықтың 56 мың теңгенің тауарын қолма-қол ақшаға сатып алуға мүмкіндігі жоқ, деп хабарлады Telegram-дағы DATA HUB арнасы.

Биыл сәуірде жарты млн қазақстандық 56 мың теңгеге дейін кепілсіз тұтынушылық несие алған. Бұл микронесие емес, тауар несиелері болып саналады.

Жеке тұлғаларға кепілсіз тұтынушылық несиелерді бөлу кестесінің сол жағына қарасаңыз, төмендегіні көруге болады:

Сәуірде 167 мың адам, яғни үштен бірі әрқайсысы 20,7 мың теңгеге дейін несие алған, яғни 167 мың адамның 20 мың теңгенің тауарын қолма-қол ақшаға алатын мүмкіндігі болмаған. 

Тағы 167 мың адам сәуірде 20,7 мыңнан 35,6 мың теңгеге дейін несие алған. 

Қалған үштен бірі, яғни тағы 167 мыңдай адам 35,6 мыңнан 56 мың теңгеге дейінгі тауар үшін қарыз алған.

Жалпы, елімізде 56 мың теңгенің тауарын несиеге алып жүрген жарты млн қазақстандық бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама