Halyq Uni логотип
×

472, 56 теңге: Доллар тағы қымбаттады

АҚШ долларының орташа бағамы - 473, 66 теңге

 Ербол Тұрымбет 04.04.2022 | 12:00
472, 56 теңге: Доллар тағы қымбаттады
коллаж: Halyq Uni

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3 сәуір кешімен салыстырғанда 85 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 473, 66 теңге болды.

Ұлттық банктің 4 сәуірдегі ресми бағамы - 1 доллар үшін 472, 56 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 теңгеден сатылса, сатып алу – 476 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 470, 17 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 475 теңге.

Еске салайық, Ұлттық банк наурызда теңге бағамын ұстап тұру үшін миллиард долларға жуық қаржы бөлді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама