Бағаны негізсіз көтерген компания басшысына айыппұл салынды
Атырау облысында сары майдың бағасы шамамен 40%-ға төмендеді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
ҚМА-ның Атырау облысы бойынша басқармасы мен мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін талдау нәтижесінде «АтырауПробСнаб» ЖШС-ның сары майды 82-104% үстеме бағамен сатқанын анықтады. Өнім өңірдегі 2 супермаркетте сатылған.
Тексеріс нәтижесінде «АтырауПробСнаб» компаниясының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сауда желісі сары майды тікелей өндірушіден сатып алатын болды. Осылайша майлылығы 72,5% болатын 5 келі «Верхний Услон» сары майының бағасы 2 690 теңгеден 1 680 теңгеге дейін (37,5%) төмендетілді, - деп жазылған хабарламада.
Агенттік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды жалғастырады.