Сауд Арабиясына ет экспорттайтын Қазақстан компанияларының саны артты

Дәурен Ерболат

Тізімге тағы 19 компания қосылды

Фото: altyn-orda.kz

Сауд Арабиясына Қазақстан еті мен балын экспорттайтын компаниялардың саны өсті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімін шығаратын компания енгізілді. Осылайша, тізімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар, - деп  жазылған хабарламада.