Halyq Uni логотип
×

АҚШ Орталық Азия елдеріне экономикалық қолдау көрсетуін тоқтатпайды

Америка Құрама Штаттары жағдайды бақылап отыр

 Дәурен Ерболат 28.02.2023 | 20:03
АҚШ Орталық Азия елдеріне экономикалық қолдау көрсетуін тоқтатпайды
Фото: AP

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әрине, біз салынған санкциялардың салдарын көріп отырмыз. Алайда біз өзгенің есебінен санкция зардабын тартып жатқан елдердің кәсіпорындары мен компанияларына арнайы лицензия береміз. Біз жаңа логистикалық мүмкіндіктерді, экспорттық нарықтарды іздейміз. Орталық Азия елдеріне жаңа серіктестер мен жаңа мүмкіндіктер ашу жолында бар күшімізді саламыз, - деді мемлекеттік хатшы Астанада өткен C5+1 кездесуінен соң.

Энтони Блинкен АҚШ тарапы өзімен серіктес мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істейтінін атап өттті.

«Біз жаңа сауда әлеуетін дамыту үшін С5+1 форматына қатысушы елдерге қолдау көрсетеміз», - деп сөзін түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама