Halyq Uni логотип
×

Ресейлік астықты отандық өнім ретінде өткізген компания анықталды

Ол жүкті тасымалдауға жеңілдетілген тариф алу үшін осындай қадамға барған

 Дәурен Ерболат 20.02.2023 | 09:43
Ресейлік астықты отандық өнім ретінде өткізген компания анықталды
Фото: Самара кеденінің баспасөз қызметі

Ресей астығын Қазақстанның өнімі ретінде өткізген компания анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Еліміздің аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау үшін ресейлік астықтың сұр импортының схемасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті облыстың көлік прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.

Компания 2021-2022 жылдары 1 млрд теңгеден асатын сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттады. ЖШС жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан Қазақстанның астығы екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған. Компания транзиттік тарифтен жалтарып, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-не 150 млн теңгеге жуық залал келтірді, - деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама