Ең қатты қымбатшылық Маңғыстау облысында
2023 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша инфляция елімізде 1,1%, оның ішінде азық-түлік 1,4%, азық-түлік емес 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% құрады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында 2,2%-дан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8%-дан, Ақтөбе облысында – 1,7%, Ұлытау облысында - 1,5% құрады.
Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7% болды. Апталық динамика +0,3, +0,4% болып қалыптасуда.
Ал жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 3,4%, Ұлытау облысында – 2,8% және Астана қаласында - 2,5% байқалды.
Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері ең жоғары өсім пиязда 22,5%, күріш 5,2%, қырыққабат 4,1%, сүт және сәбіз 3,1%, картоп 3,0%, рожки 2,6%-ды құрды.
Мысалы, Маңғыстау облысында:
Жалпы, осы өңірдегі жаңа тәсілдер аясындағы жұмысты қанағаттанарлық емес деп санаймыз, – деді министр.
Оның сөзінше, Ұлытау облысы да бағаның өсуі бойынша көшбасшы. Бір жағынан, аймақ логистика тұрғысынан тұйықталған. Сонымен бірге, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жергілікті бизнестің жұмысы әлі жолға қойылмаған.
Сондай-ақ, Астана қаласында «айналым схемасы» тетігі бойынша қаржыландырудың бөлінген сомасы 14 млрд теңгені құрайды, бірақ өңір былтыр да, биыл да бағаның өсуі бойынша көшбасшылар үштігінде қалып отыр.