Halyq Uni логотип
×

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының механизмі қайта қаралады – министр

Бүгінде қазақстандықтар отандық көлікті алу үшін алдымен автосалонға, кейін банкке барады

 Дәурен Ерболат 24.01.2023 | 15:05
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының механизмі қайта қаралады – министр
фото: Halyq Uni

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасына өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама айдың соңына дейін қайта жанданады.

Былтыр наурызда автокредит сомасы 10 млн теңгеге дейін деп белгіленді. Көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы керек. Халыққа қолжетімді болу үшін бағдарламада қымбат көліктер қарастырылмаған. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасын айдың соңында бастаймыз, - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысынан соң.

Министр осы аптада Өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз мәслихатын өткізетінін атап өтті. Бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Мұнда бағдарламаның механизмін қайта қарау мәселесі тұр. Баспасөз конференциясында толық ақпарат беріледі. Бұған дейін қазақстандықтар алдымен автосалонға, содан соң банкке баратын. Енді Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа тетікті ұсынып отыр, - деді министр.

Алайда ол нақты қандай өзгеріс енгізілетінін нақтылаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет басшысының бірінші орынбасары жеңілдетілген автонесие бағдарламасы неге тоқтап тұрғанын түсіндірген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама