×

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы неге тоқтап тұрғаны айтылды

Қазір бағдарламаға бөлінген 188 млрд теңге игеріліп жатыр

 Дәурен Ерболат 20.12.2022 | 13:07
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автокредит бағдарламасының неге тоқтап тұрғанын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бағдарлама көлікті несиеге рәсімдеген қазақстандықтардың банк алдындағы қарызын уақытылы төлеп тұрғанына байланысты.

«Бәйтерек» холдингінің маған берген мәліметінше, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталуы керек. Ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір револьверлік негізде 188 млрд теңге осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады», - деді Роман Скляр.

Жеңілдетілген автонесиенің шарттары:

  • сыйақы мөлшерлемесі – 4%;
  • кредиттеу сомасы – 10 млн теңгеге дейін;
  • қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін;
  • бастапқы жарна – 0% бастап;
  • көліктің құны – 15 млн теңгеге дейін.

Қазақстандықтар аталған бағдарламаның көмегімен елде құрастырылған Chevrolet, JАС, Kia, Hyundai тағы басқа көліктерді алуға мүмкіндігі бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама