×

2022 жылдың ақпанынан бері Қазақстанға Ресейдің 15 франшизасы келді

Осы аралықта 2 шетелдік франшиза Қазақстаннан кетті

 Бауыржан Мұқанов 19.01.2023 | 12:45
Коллаж: Halyq Uni

McDonalds брендінің Қазақстаннан кеткенінен кейін оның орнына Ресейдің «Вкусно и точка» брендінің келетіні хабарланған еді. Осы орайда, Halyq Uni Қазақстанда қанша шетелдік франшиза бар екенін, Ресейлік франшизалардың Қазақстанға келу үрдісінің қаншалықты көбейгенін анықтап көпді. 

Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының мәліметінше, 2018 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде кешенді лицензиар Қазақстан Республикасының резиденті еиемс 76 кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты бар.

Олардың ішінде Ресей Федерациясының резиденттері – 52, АҚШ – 1, Түркия – 1, Франция – 2; Ұлыбритания – 4, Кипр – 3, Беларусь Республикасы – 7; Испания – 3, Италия – 3.

Институттың хабарлауынша, 2022 жылдың ақпан айынан бастап сараптама ұйымы 2 кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзинг) келісімі бұзылған. Яғни, шетелдік 2 бренд Қазақстаннан кеткен.

Есесіне, 2022 жылдың ақпан айынан бастап 15 кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) келісімі тіркелген. Олардың лицензиар (иесі) ресейлік «Эста» ЖШҚ компаниясы.

Айта кетейік, «ҰЗМИ» РМК ресми сайтында «Тіркелген зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімдері» бөлімінде ҚР өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқықтарға билік ету туралы барлық тіркелген шарттар туралы ақпаратты алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама