Halyq Uni логотип
×

Биыл тұрғын үй құрылысы азаяды: қай өңірде қанша шаршы метр үй салынады

2023 жылы 15,3 млн шаршы метр үй салу жоспарланған

 Бауыржан Мұқанов 17.01.2023 | 11:22
Биыл тұрғын үй құрылысы азаяды: қай өңірде қанша шаршы метр үй салынады
Фото: Halyq Uni

2022 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық деректерге сәйкес республика бойынша жалпы ауданы 15,4 млн. шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде есепті кезеңде жеке меншік және халық есебінен – 13,9 млн шаршы метр, мемлекеттік меншік – 1,3 млн шаршы метр, деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігі Halyq Uni редакциясының ресми сауалына.

Жалпы, былтыр республика бойынша барлығы 109,9 мың тұрғын үй пайдалануға берілген, оның 34,3 мыңы жер үй.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен барлығы 15,3 млн шаршы метр немесе 143,5 мың жаңа тұрғын үй салу жоспарланған. 

Атап айтқанда, ең көп әдеттегідей, Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында салынбақ. 

Ал тұрғын үй құрылысы ең аз жоспарланған өңірлер Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында.  

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Астана мен Алматыда тұрғын үй құрылысын азайтатынын мәлімдеген еді. Себебі – инженерлік инфрақұрылымның жетіспеушілігі. 

Бұл ақпаратты Астана әкімдігі де растаған болатын. Редакцияның сауалына жауап берген әкімдік 2022 жылы 2 369,3 шаршы метр үй салынғанын, ал 2023 жылғы жоспардың 2 022,5 мың екенін хабарлаған еді. 

2023 жылы жоспарланған тұрғын үй құрылысы:

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама