Halyq Uni логотип
×

Астанада тұрғын үй құрылысы азая ма – әкімдік жауабы

2022 жылы 2,4 млн-ға жуық шаршы метр үй салынды

 Бауыржан Мұқанов 13.01.2023 | 10:45
Астанада тұрғын үй құрылысы азая ма – әкімдік жауабы
Фото: Halyq Uni

2022 жылы Астана қаласында 2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Алайда іс жүзінде жоспар артығымен орындалып, жыл қорытындысы бойынша 2 369 270 шаршы метр үй салынған, деп хабарлайды Halyq Uni

Оның ішінде жеке қаражат есебінен 2246,3 мың шаршы метр тұрғын үй, мемлекеттік қаражат есебінен – 18,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

Алайда, 2023 жылы құрылыс көлемі азаймақ. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Астана мен Алматыда тұрғын үй құрылысының азаятынын мәлімдеген еді. Оның себебін министрлік инженерлік инфрақұрылымның жетіспеушілігімен түсіндірген болатын. 

«Астана және Алматы қалаларының басшылығы жыл сайын инженерлік инфрақұрылымның дайындығына қарай елордада жаңадан салынатын тұрғын үйлерді 2 миллион шаршы метрден, Алматыда 1,5 миллион шаршы метрден асырмауды ұсынды. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, ағымдағы жылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарын 15,1 миллион шаршы метрге қысқартуды және 2023 жылдан бастап тұрғын үй көлемін жыл сайын 200 мың шаршы метрге өсіріп отыруды ұсынамын», – деген еді сол кездегі министр Қайырбек Өскенбаев.

Редакцияның жолдаған ресми сауалына Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы жоспарлы көрсеткіштің 2022 жылғыдан көбейгенімен, іс жүзіндегі көрсеткіштен айтарлықтай аз болатынын хабарлады.

Қаланы дамыту жоспарына сәйкес "пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы" индикаторы бойынша 2023 жылға 2022,5 мың шаршы метр көлемінде көрсеткіш жоспарланған, – деп мәлімдеді басқарма. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама