Бағдарламаның ашық болуы қамтамасыз етіледі
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлады Қазақстан даму банкінің баспасөз қызметі.
ҚДБ мен Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДК) келесі жылдан бастап қолданыстағы барлық бағдарлама бойынша шарттар біріздендірілгенін хабарлады.
Қазақстандықтарға ыңғайлы болу, тең жағдайларды қамтамасыз ету және халықты көбірек қамту үшін қолданыстағы екі бағдарламаның үздік нұсқалары қолданылады. Бұдан басқа, бұл азаматтарға бірыңғай және ашық қағидалар бойынша отандық жаңа автомобильдерді сатып алу үшін көбірек ақша ұсынып, қаражат ағынын біріктіруге мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін бір ғана оператор – Қазақстанның даму банкін қалдыру көзделеді.
Бүгінде бағдарламаларға қатысатын екінші деңгейлі банктер қолданыстағы несиелерді өтеуден түсетін төлемдерді жинақтау процесін жүзеге асырып жатыр. Револьверлік тетік негізінде жеңілдетілген қарызды беру 2023 жылғы қаңтардың екінші жартысында басталады деп жоспарланып отыр. 2 бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі – шамамен 13 млрд теңге. Бұл кемінде 1300 жаңа автонесие беруге мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.
Болашақта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлу ай сайын іске асырылады.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары жеңілдетілген автонесие бағдарламасы неге тоқтап тұрғанын айтқан еді.
2015 жылдан бастап Үкімет ҚДБ арқылы жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 82 млрд теңге бөлген. Одан кейін 2022 жылғы мамырда Өнеркәсіпті дамыту қоры аталған бағдарламаға 100 млрд теңге аударды.
Биыл 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл қаражатқа 14 мыңнан аса қарыз мақұлданды. Оның ішінде 12,5 мыңнан аса жаңа көлік сатылды.
Бағдарламаларға қатысушы банктер – Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк.
Жеңілдетілген автонесиенің шарттары:
Қазақстандықтардың аталған бағдарлама көмегімен елде құрастырылған Chevrolet, JАС, Kia, Hyundai тағы басқа көліктерді алуға мүмкіндігі бар.