Ақпанда жылдық инфляция 8,7%-ға дейін өскен
Ұлттық банк базалық ставканы 13,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 14,50%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 12,50% болмақ.
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешімі геосаяси тәуекелдерді және инфляциялық процестердің жеделдеу тәуекелін арттыруға ықпал ететініне қарай негізделген.
Бұл ретте сыртқы және ішкі макроэкономикалық ахуал бұдан кейін де нашарлаған жағдайда монетарлық талаптарды одан әрі күшейту үшін кеңістік қалмақ.
Инфляцияның барлық құрамдас бөліктері бойынша - бағалардың өсуі аясында 2022 жылғы ақпанда жылдық инфляция 8,7%-ға дейін (2022 жылғы қаңтарда – 8,5%) көтерілді. Қазақстанда 2021 жылғы желтоқсанда жылдық инфляция 8,4% деңгейінде болды.
Еске салайық, 24 ақпанда Ұлттық банк базалық ставканы 13,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.