Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда-саттықты арттырмақ
Екі елдің басшылары жаңа сын-қатерлерді бірігіп еңсермек
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшылары қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжей талқылады, – дейді Ақорда.
Тараптар Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.
«Президенттер екі ел үкіметтерінің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты», – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Тоқаев және Путин Украина жайында сөйлескен болатын. Одан кейін Мемлекет басшысы Украина президентімен пікір алмасқан еді.