Қазақстанда 1,2 млн жұмысшының жалақысы өскен

Дәурен Ерболат

Жұмыс берушілер еңбекақыны 5%-дан 50%-ға дейін көтерген

Фото: inform.kz

ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов биыл елімізде 1,2 млн жұмысшының жалақысы өскенін айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 1,9 мың жұмыс беруші 1,2 млн жұмысшының жалақысын 5%-дан 50%-ға дейін көтерді, - деді Төлеген Оспанқұлов.

Комитет төрағасы қаңтар оқиғасынан соң компаниялар жұмысшылардың еңбекақысын көтергенін атап өтті.

«Қаңтарда болған жағдайды бәріңіз білесіздер. Мысалы ТШО-ны (Теңізшевройл) алайын. Кәсіпорын бір өзінің жұмысшыларын ғана емес, 200-ден аса мердігер ұйымда еңбек етіп жүрген жұмысшылардың жалақысын бір күнде 50%-ға көтерді. Еңбекақыны көтерген 1,9 мың мекеменің тізімі бар», - деді комитет төрағасы.

Айта кетейік, жыл басынан бері 140-қа жуық жұмысшы өндірісте қаза тапқан.