×

Үкімет халыққа көмірді үйден шықпай-ақ ала алатын жағдай жасамақ

Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет

 Еркеғали Болатұлы 03.10.2022 | 17:22
фото: ашық дереккөз

Қазақстан билігі қазір көмірді халыққа интернет арқылы сатуды пысықтап жатыр.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін көмірді танымал маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы өткізу жолдары пысықталып жатыр. Бұл бағытта еліміздегі ең ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосты, - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұл – тұтынушыларға қолайлы, өте жақсы цифрлық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, - деді Үкімет басшысы.

Ол жауапты органдарға көмірді бөлу мен жеткізуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама