Президентті ұруға келісімге қол қойдым – Емельяненко

Дастан Жұмабекұлы

Жекпе-жек 6 қарашада Мәскеудегі ЦСКА аренасында болады

фото: ашық дереккөз

Ауыр салмақтағы ММА файтері Александр Емельяненко келесі жекпе-жегінің қашан болатынын туралы айтты.

Pride лигасында өнер көрсеткен спортшы 6 қарашада «Арена» промоушенінің президенті Сергей Еркаевпен қолғап түйістіреді.

Президентті ұру үшін келісімшартқа қол қойып жатырмын... «Арена» промоушенінің президенті Сергей Владимирович Еркаевты, –  деді Емельяненко.

Жекпе-жекке билет сатылымға түсті. Ол Мәскеудегі ЦСКА аренасында болады.