Halyq Uni логотип
×

Сайлау науқаны: ЖСДП өздерінің ұсынысы Тоқаевтың реформаларында жүргенін айтты

Біз осы мәселені 15 жылдан бері айтып келе жатырмыз дейді

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2022 | 14:12
Сайлау науқаны: ЖСДП өздерінің ұсынысы Тоқаевтың реформаларында жүргенін айтты
фото: ашық дереккөз

Әдеттегідей сайлау науқанында ғана бой көрсеткен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан президенттікке үміткер болып жатқан 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев бүгін қаңтар оқиғасын әділ тергеу қажеттігін мәлімдеді.

Мысалы, қаңтар оқиғасы аяғына дейін шешілген жоқ. Әлі әділетті тергеу жүргізіп, тиянақты қорытындысын шығару қажет. Ол қашан шығады? Келешекте мемлекетімізде осындай келеңсіз жағдайлар болмау үшін шын мәнінде қаңтар оқиғасын жасағандар жазалануы керек. Ал кінәсіз адамдар босатылуы қажет, - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Әуесбаевтың айтуынша, партияның біраз ұсынысы президенттің соңғы реформаларында көрініс тапқан көрінеді.

«Мәселен, әкімдерді сайлау. Біз осы мәселені 15 жылдан бері айтып келе жатырмыз. Қазір Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау басталды. Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттарын мажритарлық жүйемен сайлау бар. Ол да ескерілді», - деді үміткер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама