Олар есірткі арналарын ұйымдастырған
ҰҚК интернет арқылы синтетикалық есірткі өткізудің жолын кесті.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскеменде өңірлік синтетикалық есірткі арналарын ұйымдастыруға әрі оларды интернет-дүкен арқылы өткізуге қатысы бар Қазақстанның екі азаматын құрықтады, – дейді комитет.
Заңсыз айналымнан шамамен 1 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.
Сотқа дейінгі тергеу материалдары қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Бұған дейін Алматы, Қызылорда мен Қарағандыда есірткі қылмысымен айналысқандар ұсталған болатын.