Олардың 7 мыңы жұмыс істеуге ниетті
Бүгінде Қазақстанда 353 мың ресейлік бар. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ресейліктерге жұмысқа тұруға жағдай жасалмайды. Ол – белгілі жағдай. Қазіргі таңда 353 мың ресейлік Қазақстанда жүр. Оның 7 мыңы ғана елімізге жұмыс істеуге келген. Сондықтан ресейліктердің келуі еңбек нарығына әсер етпейді. Қайталап айтайын, ресейліктердің жұмысқа тұруына жағдай жасалмайды, - деді Олжас Ордабаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министр бұл биыл 9 айдағы статистика екенін атап өтті. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі Ресейде ішінара мобилизация жариялаған соң Қазақстанға шамамен 100 мың ресейлік келгенін хабарлаған еді.