×

Елімізде қазір 60 мыңнан аса жетім баланың баспанаға қолы жетпей жүр

Биылғы бірінші жартыжылдықта тек 287 адам ғана баспаналы болған

 Еркеғали Болатұлы 29.09.2022 | 15:43
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында депуат Амангелді Толамисов мәлімдеді деп хабарлады BAQ.KZ.

Министрлер кабинеті басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй алу мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, елімізде мұндай балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар. Дегенмен қазір бұл санатта тұрғын үй алу кезегінде 60 845 азамат тұр. Былтыр 1 211 адам тұрғын үй алса, биылғы бірінші жартыжылдықта тек 287 адам ғана баспаналы болған.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиеленіп жатқан мекемелердің орналасқан мекенжайы бойынша емес, оларды келген жерлері бойынша тұрақты тұрғылықты тіркеуге қойып, сол өңірлерде тұрғын үй кезегіне қою керек. Бұл өз кезегінде олардың жылдамырақ баспанаға қол жеткізулеріне мүмкіндік береді, - деді сенатор.

Сондықтан ол мемлекеттік органдардың «Отбасы банкімен» бірлесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен «жетім балалар» санатындағы кезекте тұрған жастарға жеңілдетілген тұрғын үй ипотекалық бағдарламаларын және сатып алу мүмкіндігінсіз мемлекеттік жалдамалы пәтерлерді жалға беру бағдарламаларын қарастыруы керектігін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама